Трамптың жеңісіне наразылар Американың жалауын өртеді
Американың түрлі қалаларында осы елдегі президенттік сайлаудың нәтижелеріне қарсы наразылықтар мен бүліктер Американың жалауын өртеуге ұласты.
«Пресс ТВ» хабар арнасының мәлімдеуі бойынша, президенттік сайлаудағы демократиялық партияның жеңіліске ұшыраған үміткері Хиллари Клинтонның жақтастары Орегон мен Калифорния штаттарында көшелерге шығып, Американың жалауын өртеп, бүлік шығарды.
Осы мәлімет бойынша, әлеуметтік желілерде жарияланған кейбір суреттерде наразылардың қоқыс салатын жәшіктерді өртегені көрінеді. Сондай- ақ Орегон мен Калифорния университетінің ашулы студенттері Трампқа қарсы ұрандар айтып, көшелерге ағылды.
Портландта да жүздеген адам Трампқа қарсы көшелерге шығып, оған қарсы ұрандар айтып, осы қалада Американың жалауын өртеді.
Осы мәлімет бойынша, сондай- ақ қос үміткердің жақтастары Ақ Үйдің алдында жиналып бір- біріне қарсы ұрандар айтып, қақтығыстқан. Полиция қызметкерлері де екі топ арасындағы текетірестерге араласып, шерушілерге қатынас көрсетті.