Орталық Азияда ДАИШ-пен күресу қуатталды
ТМД Лаңкестікке қарсы күрес орталығының басшысы ДАИШ лаңкестік-тәкфіршіл тобымен күресу үшін Орталық Азия елдерінде ақпарат тарату және виртуалды кеңістік салаларында шынайы шара қолдану керектігін қуаттады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ТМД-ның лаңкестікке қарсы күрес орталығының басшысы Андрей Новиков Ресей мен аймақтағы басқа елдердің жұмыс мигранттарының әсірешілдердің тозағына түсіп қалғанына алаңдаушылық білдіріп: "Олар психикалық соғыстың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланып, адамдарды қысқа мерзім ішінде ДАИШ лаңкестік тобына қосылуға итермелейді" деді.
Біраз бұрын Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары ДАИШ тобы лаңкестерінің 60 пайызын Орталық Азия және Кавказ аймағының тұрғындары құрайтынын мәлімдеген болатын.
Бұл Орталық Азия елдеріндегі әсірешіл-тәкфіршіл топтардың іс-әрекеттерімен күресу үшін өздерінің географиялық шекараларының ішінде қатаң қауіпсіздік шараларын қолданып отырғанда орын алды.