АҚХА Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттеріне берік екендігін тағы да растады
(last modified Thu, 10 Nov 2016 09:52:25 GMT )
Қар 10, 2016 15:52 Asia/Almaty
  • АҚХА Иранның

Атом қуаты халықаралық агенттігі өзінің соңғы есебінде Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттеріне берік екендігін тағы да растады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚХА-нің директоры Юкио Амано сәрсенбі күні Иран мен "алтылық" тобының келісімі туралы өзінің маусымдық есебінде Иранның осы келісімге қатысты міндеттеріне берік екенін тағы да растады.

Осы есеп жарияланғаннан кейін Иранның АҚХА-дегі өкілі Реза Наджафи: "Аманоның жаңа есебі Иран тарапынан "Ортақ қадам" бағдарламасының толғымен жүзеге асырылғанын қуаттады. Бұл есеп Иранның түрлі салалардағы, соның ішінде уран байыту, зерттеу және дамыту, Арак ауыр су реакторын қайта жобалау және ауыр су өндірудегі ядролық жұмыстарының "Ортақ қадам" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқанын тағы да растады" деді.