Ұлыбритания Парсы шығанағында өзінің алғашқы әскери-теңіз базасын ашты
https://itolqyn.com/news/world-i17779-Ұлыбритания_Парсы_шығанағында_өзінің_алғашқы_әскери_теңіз_базасын_ашты
Ұлыбритания Бахрейнде ресми түрде ірі әскери-теңіз базасын ашты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 11, 2016 17:02 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания Парсы шығанағында өзінің алғашқы әскери-теңіз базасын ашты

Ұлыбритания Бахрейнде ресми түрде ірі әскери-теңіз базасын ашты.

Ұлыбританияның ханзадасы Чарльз бұл базаны бейсенбі күні Бахрейннің астанасы Манама қаласында екіжақты қарым-қатынастардың басталуы күнінің жылдығы рәсімдерінде ашты. Бұл база Ұлыбританияның соңғы 40 жылдағы Парсы шығанағы аймағындағы алғашқы әскери  базасы болып есептеледі. 5 жыл бұрын Бахрейнде Халифе әулетіне қарсы наразылықтар басталғаннан бері Ұлыбритания осы режимге 55 миллион доллар көлемінде қару сатты.