Зариф Иран мен Словенияның қарым-қатынастарындағы кедергілерді жою қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i17791-Зариф_Иран_мен_Словенияның_қарым_қатынастарындағы_кедергілерді_жою_қажеттігін_қуаттады
Иранның Сыртқы істер министрі Иран мен Словенияның арасындағы саяси, экономикалық және сауда байланыстары мен ынтымақтастықтарын кеңейту жолындағы кедергілерді жою қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 11, 2016 18:19 Asia/Almaty
  • Зариф Иран мен Словенияның қарым-қатынастарындағы кедергілерді жою қажеттігін қуаттады

Иранның Сыртқы істер министрі Иран мен Словенияның арасындағы саяси, экономикалық және сауда байланыстары мен ынтымақтастықтарын кеңейту жолындағы кедергілерді жою қажеттігін қуаттады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Братиславада Словенияның Сыртқы істер министрі Мирослав Лайчакпен өткізген ортақ ақпарат отырысында: "Теһран Иран мен Словенияның мүмкіндіктерін бірлесіп  пайдалану шеңберінде екі елдің қарым-қатынастарындағы кедергілерді жоюға бар күшін салады" деді.

Зариф Дональд Трамптың АҚШ-тың президенті ретінде сайлануынан кейін "Ортақ қадам" бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы: "Бұл тек Иран мен АҚШ арасындағы келісім емес. Оған Ресей мен Қытай сияқты басқа елдер де қол қойды" деді.

Иранның Сыртқы істер министрі Сирияның болашағы туралы айтқан сөзінде: "Барлық елдер Сирия дағдарысының тек саяси жолмен шешілетінін қабылдауы керек. Елдер Сирияның қиындықтарына бұл мәселені бір айқын шешім жолына жеткізе алатындай көзқараспен қарауы керек" деді.