БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі лаңкестерді Сирияның Алеппо қаласынан шығару қажеттігін қуаттады
(last modified Sun, 13 Nov 2016 10:44:13 GMT )
Қар 13, 2016 16:44 Asia/Almaty
  • БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі лаңкестерді Сирияның Алеппо қаласынан шығару қажеттігін қуаттады

БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі өкілі «Ән-Носрат майданы» лаңкестік тобы мүшелерінің Алеппо қаласынан шығарылуы керектігін баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР-ның жауапты тұлғаларымен кеңесу үшін Теһранға келген БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура сенбі күні түстен кейін  ИИР Сыртқы істер министрінің  Араб және Африка істері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабер Ансаримен келіссөз өткізгеннен кейін тілшілерге берген сұхбатында: «Ән-Носрат» майданы лаңкестік топ болғандықтан Алеппоның шығысынан шығарылуы тиіс.

Қарапайым адамдар мен лаңкестік топтарды Алепподан шығаруға бағытталған кез-келген ұсынысты қарастырамыз»,-деп мәлімдеді.

БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі, сондай-ақ,   гуманитарлық көмектерді кіргізуге жағдай жасау мақсатында Алеппо қаласында барлық әскери амалдарды тоқтатуды сұрап, Сирия дағдарысынан шығу жолдарын жобалаудағы маңызды ел Иранның жауапты тұлғаларымен пікір алмасу үшін Теһранға келгенін айтты.