Сауд Арабиясы мен БАӘ БҰҰ-ның Бас ассамблеясында Иранға қарсы әрекет ұйымдастырды
(last modified Sun, 13 Nov 2016 11:57:19 GMT )
Қар 13, 2016 17:57 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы мен БАӘ БҰҰ-ның Бас ассамблеясында Иранға қарсы әрекет ұйымдастырды

Саудиялықтарға бағынышты саяси ортаның Иранға қысымды күшейту мақсатында іс-әрекет жасаудың жаңа кезеңін бастағанына бірнеше күн болды.

Осы жанжал тудыру және өздерінің кінәсін өзгеге жабу Иранның аймақ елдерінің ішкі істеріне араласатыны туралы сөздер мен Иранның Парсы шығанағындағы аралдарды иеленуіне қатысты қайталамалы уәждерге негізделген.

Сауд Арабиясы, БАӘ мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер Мысыр, Марокко, Судан, Йордания және Йеменмен бірге сенбі күні  БҰҰ Бас ассамблеясына жолданған хатты жариялап, Иранды экспансиялық саясат қабылдап, аймақта текетірес тудыруда деп айыптады.

Сауд Арабиясы қазір Йеменде өзі бастаған соғыстың батпағында батып жатыр. Сауд Арабиясының Бахрейнге әскери араласуы да осы екі ел үшін басып-жаншу мен адам құқығын бұзудан басқа нәтиже берген жоқ.

Олардың ойынша, бүгінде қоғамдық пікірді шындықтардан алшақтатудың жалғыз жолы – Ираннан үркіту толқынын үдету.  

Құжаттар көрсеткендей, бұл кеңістік тудыру өзінің стереотипті қабығынан шығып, аймақтық геосаяси мәселелердің аясына енді. Сауд Арабиясы бастаған бұл қозғалыс бүкіл аймақты дағдарысқа ұшыратуды көздейтін сияқты. Осындай жағдайда Иран аймақта текетірестің күшейіп, дағдарыс туындауынан еш пайда көрмейтінін қуаттайды. Саудиялықтар әсірешіл лаңкестерді қолдау арқылы  өзінің саяси мақсаттарын көздеп отыр, алайда бұл жоба Ирак, Сирия мен Йеменде жеңіліс тапты.  Саудиялықтар ағым аралық жиренішті қоздырып, өздері тату көршілестік қатынастан шығып, тұрақсыздыққа ұшырады. 

Сауд Арабиясының қайраткерлері аймақты жіктеу арқылы  өздерінің арандатушы шараларын жасырып, өздері тудырған нәрселердің барлығын Иранға жабуға тырысып жатыр.

2011 жылы Сауд Арабиясы Халифе әулетінің кемсітушіліктері мен әділетсіз қатынасына наразы бахрейндік азаматтарды басып-жаншуға көмектесу үшін өз күштерін осы елге жіберіп, Иран немесе Бахрейннің жапа шеккен халқының құқықтарын қолдайтын елдерді жөнсіз араласу және қатігездікке ынталандырумен айыптады.

Олардың көзқарасынша,  Сауд Арабиясының іріткі салуы және әсірешіл лаңкестік  ұйымдарды қолдауы, оларды әскери дайындықтан өткізуі, қаржымен қамтамасыз етуі және аймақтық елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін бұзуға итермелеуі – түсіндіруге болатын шаралар.

Алайда мұндай ұстанымдарды дипломатия тұрғысынан кең таралған қатынас деп санауға болмайды. Сауд Арабиясы  Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше басқа елдермен бірге Саддамның Иранға таңған соғысы кезінде мұнайдан түсетін долларларды Иранмен дұшпандық пен соғысқа жұмсады. Саддам Кувейтке шабуыл жасап, оны басып алғанда осы елдер Иранға қарсы соғыста жағымсыз рөл атқарып, Саддамды қолдағандарына өкініш білдірді. Алайда бүгінде олар тарихты ұмытып, өздерін «Иранның қоқан-лоққылары» деп аталатын нәрсемен күресу үшін  ұжымдық шешімдер қабылдау қажет деп санайтын орында тұрғандай сезінетін сияқты.

Осы қатынастардың барлығының Иран мен аймақтық елдердің қарым-қатынасын бұзуға бағытталған қолдан жасалған шаралар екені айдан анық. Сауд Арабиясы, БАӘ мен бірқатар араб елдерінің  БҰҰ Бас ассамблеясына жолдаған ортақ хаты да осы ережеден тысқары емес. Бұл жағдай оны жобалаушылар үшін біраз уақытқа дейін жарнамалық материал болар, бірақ  мұндай саяси ұстанымдар қарама-қайшылыққа толы әрі халықаралық ережелерге сәйкес келмейді. Олардың осы саяси ойында жеңіліс табатындықтары анық.