Ғасеми Нигерияда имам Хосейнді аза тұтушыларды өлтіруді айыптады
(last modified Tue, 15 Nov 2016 15:22:39 GMT )
Қар 15, 2016 21:22 Asia/Almaty
  • Ғасеми Нигерияда имам Хосейнді аза тұтушыларды өлтіруді айыптады

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Нигерияда имам Хосейнді аза тұтушыларға шабуыл жасап, оларды өлтіруді айыптады.

СІМ-нің ақпараттық дипломатия бас басқармасының мәлімдеуінше, Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Нигерияның Кано қаласында имам Хосейнді аза тұтушыларға жасалған шабуылға сілтеме жасап: «Кез-келген қоқан-лоққы мен қатыгездіктен ада, бейбіт діни жиында мұсылмандарды аяусыз қыру әрекетінің қайталануы көңіл алаңдатарлық және қабылдауға келмейтін жайт» деп мәлімдеп, Нигерия басшыларының қатыгездік пен іріткі факторларының алдында қырағы болуына және осындай қылмыстардың қайталануының алдын алу үшін шынайы шара қолдануына мүдделік танытты.

Нигерия армиясы мен қауіпсіздік күштерінің осы елдің солтүстік-шығысындағы Кано қаласындағы имам Хосейнді аза тұтушыларға жасаған шабуылында кем дегенде 48 адам шәһид болып, ондаған кісі жараланды.

Нигерия әскерилері өткен айда да осы елдің бір қаласында өткен Хосейннің «Ашура» рәсіміне шабуыл жасап, кемінде 20 адамды шәһид етіп, бір топ кісіге зақым келтірді.

Нигерия армиясы мен қауіпсіздік күштері Хосейннің «Тасуасы» кешінде де Кадуна қаласындағы шиіттердің мешітін қоршап алып, Нигерия исламдық қозғалысының 15 мүшесін құрықтады.

Саяси сарапшылардың пікірі бойынша Нигерия үкіметінің шиіттерге қысым жасауы сионистік режим мен Сауд Арабиясының саясаттары шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.