Қытай Трампқа ескерту жасады
АҚШ-тың сайланған Президенті Дональд Трамп Қытайға қарсы сауда соғысын ашып, Қытайдан экспортталатын заттарға 45 пайыз салық салатынын жариялады.
Трамптың Қытайды «тарихтың ең үлкен ұрысы» деп айыптауы Бейжің үкіметі басшыларының Вашингтонмен арадағы қарым-қатынастарының келешегі туралы алаңдаушылығына себеп болды. Global Times газетінің жазуынша, Қытай АҚШ-тың сайланған Президентіне мұндай сөздер мен қоқан-лоққылардың үлкен қате әрі қатерлі екендігі туралы ескерту жасады. Өйткені, егер Трамп Қытай мен АҚШ арасында сауда соғысын бастаса, АҚШ-тың өнеркәсібінің бір бөлігі зардап шегеді.
Қытай Сыртқы істер министрлігі де Трампқа Бейжіңді қорқытудың орнына Қытай мен АҚШ-тың арасындағы сауда ынтымақтастығы мен экономиканың мүддесін қалыптастыратын саясат ойластыруды ескертті. Саяси бақылаушылардың пікірінше, Қытайдың АҚШ-тың сайланған Президентіне ескерту жасауы Бейжіңнің екі ел арасындағы қарым-қатынастардағы өзгерістердің келешегіне алаңдауын білдіреді.
Дональд Трамп Оңтүстік Кореяның мәселесін өз үкіметінің ең басты мәселелерінің бірі деп атады. Бұл мәселе де Бейжің мен Вашингтон байланыстарын дағдарысқа тіреуі мүмін. АҚШ-та Вашингтон мен Бейжің арасындағы ынтымақтастықтар туралы әртүрлі пікірлер айтылуда. Кейбіреулер Қытайды АҚШ үшін қатерлі бәсекелес, егер оған қарсы тұрмаса, келешекте бұл мемлекеттің билігін дағдарысқа ұшыратады деп санайды. Келесі біреулер Қытай АҚШ-тың шынайы бәсекелесі болғанымен сауда саласында бұл елмен серіктес ретінде қатынас жасап, қауіпсіздік және әскери салаларда шектеу қою керек деген пікір білдіруде. АҚШ Президенті Барак Обаманың Қытайды тізгіндеу туралы саясаты бойынша бұл аймақтағы одақтастарына әскерилерін аттандырып, Оңтүстік Шығыс Азия аймағындағы мемлекеттермен қауіпсіздік және қорғаныс саласында келісімдерге қол қойып, сондай-ақ Жапонияны әскериленуге жігерлендіру, Оңтүстік Кореямен зымырандық жүйе орналастыруға келісіп, Қытайды қоршауға алып, Вашингтонның Қытайды бақылауда ұстауға шынайы жігерлі екенін көрсетті. Бірақ экономикалық салада АҚШ әсіресе G-20 тобының аясында ынтымақтастық орнатып, Қытайды әлемдік және АҚШ экономикасының мәселелерін шешуге пайдалануға күш салды. Қытай АҚШ-тан миллардтаған долларға акция сатып алды. Сонымен бірге бұл елге инвестиция салуда. Вашингтон үкіметі де мұндай үдерісті қолдайды. Осыған орай Қытай үкіметі екі елдің арасындағы сауда соғысының салдарлары туралы ескерту жасады. Өйткені, Қытай қолындағы акциялары арқылы АҚШ-ның экономикасын тоқырауға ұшырата алады.
АҚШ-тың сайланған Президентінің ойламай айтқан сөздері Қытайды ғана емес, Еуроодақты да алаңдатты. Сондықтан олар Трампқа қарсы қатаң ұстаным білдіріп, оның сөздері мен саясаттарының АҚШ-тың сауда серіктестеріне шығын келтіруден бұрын бұл елдің әсіресе экономикалық бөлімін дағдарысқа тірейтіні туралы түсіндіргілері келеді.