Иран - Үндістанды мұнаймен қамтамасыз етуші ең үлкен ел
ИИР 2016-шы жылдың қазан айында Үндістан мұнайын қамтамасыз ететін ең үлкен мемлекет деп аталды.
Үндістанның Ираннан алатын мұнайының мөлшері қазан айында оған дейінгі аймен салыстырғанда үш есе артып, күніне 789 мың баррельге жетті.
Ұлыбританияның KBC Anergy ұйымының мұнай маманы Исхақ әл-Хақ Иранды Үндістанға мұнай экспортын арттыратын жақсы мұрсатқа ие деп атап: «Тиімді бағалар мен жеңілдіктер – сатып алушыларды Иранның мұнайына қызықтыратын факторлар»,- деді.
Осы мәлімет бойынша, Үндістан 2016-шы жылдың қараша айының соңына дейін Ираннан 4 миллион баррель шикі мұнай сатып алады.
Санкциялар кезінде Иранның шикі мұнай өндірісі күніне 1 миллион баррель болды. Енді алдағы төрт айда Иран бұл мөлшерді күніне 4 миллион баррельге арттырады.