Путин НАТО-ға Ресейдің өзін қорғау үшін еш нәрседен аянып қалмайтынын ескертті
Владимир Путин жұма күні Ресейдің Қорғаныс министрі және жоғары қолбасшыларымен өткізген отырысында НАТО-ға елінің өзін қорғау және күш тепе-теңдігін сақтап қалу үшін ешнәрседен аянып қалмайтынын ескертті.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин осы отырыста НАТО коалициясын аса қауіпті деп сипаттап, Батыстың зымырандық жүйелерді орнатуға қатысты келісімдерге көзжұмбайлықпен қарауын сынға алды.
Путин НАТО-ның зымырандық жүйелерді орнатудағы мақсатын Ресейдің алдында басымдылыққа ие болу деп атап: "Кремльдің мақсаты – Ресейдің қауіпсіздігіне төнген кез келген қауіп-қатерді, соның ішінде, НАТО-ның зымырандық қорғаныс жүйесін орнатуға қатысты қауіп-қатерлерді бейтараптандыру" деді.