Әлемдік қауымдастық сионистік режимнің ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылық білдіруде
(last modified Sat, 19 Nov 2016 09:41:17 GMT )
Қар 19, 2016 15:41 Asia/Almaty
  • Әлемдік қауымдастық сионистік режимнің ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылық білдіруде

Иранның Атом қуаты халықаралық агенттігіндегі өкілі Израиль режимінің әскери мақсаттағы ядролық бағдарламасының халықаралық қауымдастықта шынайы алаңдаушылық тудырып отырғанын айтты.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның Атом қуаты халықаралық агенттігіндегі өкілі  Реза Наджафи жұма күні Агенттіктің басқарма кеңесінің қараша айындағы мезгілдік отырысында Батыстың сионистік режимнің ядролық бағдарламасы туралы екіұшты саясатының аймақтағы қауіпсіздікке тигізер кері әсерлерін қуаттап, АҚХА осы мәселені шынайы түрде қарастыруы керек деді.

Наджафи халықаралық қауымдастықтың АҚХА-нен Израильдің Ядролық қаруларды өндіру және таратуға тыйым салу хаттамасына қосылуы және оның ядролық құрылымдарының Агенттіктің толық бақылауына өтуіне қатысты қарар бекіту туралы көптеген өтініштеріне тоқталып: "Сионистік режим өткен жылдары халықаралық қауымдастықтың заңды өтініштеріне көзжұмбайлықпен қарап, барлық халықаралық заңдар мен ережелерді бұзып, өзінің әскери мақсаттағы ядролық бағдарламасын ілгерілетті" деді.

Иранның АҚХА-дегі өкілі Израильмен ынтымақтастық жасау және оған ядролық шикізаттар мен құрал-жабдықтарды жөнелтуге тыйым салуды сұрап, мұндай әрекеттердің аймақтың қауіпсіздігі мен ядролық қаруларды таратуға тыйым салу режимінің тұрақтылығына тигізер кері әсерлерін ескертті.