Иран мен Бразилия үш ынтымақтастық құжатына қол қойды
Иран ислам республикасы мен Бразилия сауда-саттық және шетелдік инвестиция, ауылшаруашылығы мен экспорт салалары бойынша үш ынтымақтастық құжатына қол қойды.
Иран мен Бразилияның төртінші экономикалық форумы барысында жұма күні Иранның Экономика және қаржы министрі Әли Тайебния мен Бразилия Сыртқы істер министрі Жозе Серра екі жақты экономикалық байланыстарды кеңейтуді қуаттап, үш ынтымақтастық құжатына қол қойды.
Әли Тайебния Бразилия Сыртқы істер министрімен кездесуде екі елдің банктері арасында байланыс орнату тақырыбын қуаттады.
Иранның Экономика және қаржы министрі қарашаның 17-18 күндері Бразилияда өткен Иран мен Бразилияның экономикалық ынтымақтастықтары ортақ комиссиясының төртінші отырысына қатысу үшін осы елде іс-сапарда жүр.