Армения – Иран мен Еуразия Одағының байланыс көпірі
(last modified Sun, 20 Nov 2016 03:05:02 GMT )
Қар 20, 2016 09:05 Asia/Almaty
  • Армения – Иран мен Еуразия Одағының байланыс көпірі

Иран кеденінің бас директоры Арменияның Иран ислам республикасы мен Еуразия Одағының арасындағы байланыс көпірі болатынын мәлімдеді.

Иран Кеденінің бас директоры Масуд Карбасиян Ереванда Армения премьер-министрі Карен Карапетянмен кездесуде осы елдің Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасымен өткізген келіссөздерінің нәтижелерін баяндады.

Карбасиян осы кездесуде сөйлеген сөзінде: «Екі тараптың үйлесімділігімен электрондық жолмен ақпарат алмасу, кедендік ережелер туралы Армения мен Иран азаматтарына ақпарат жеткізу және Иран мен Арменияның еркін экономикалық аймақтары арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу негізінде кеден саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Иран мен Армения еркін экономикалық аймақ арқылы Еуразия Одағымен ынтымақтастық жасай алады. Армения осы негізде Иран мен Еуразия Одағының арасында байланыс көпірі болып, ортақ инвестиция салу бағдарламаларын орындауға көмектесе алады» деді.

Армения премьер министрі  Карен Карапетян да осы кездесуде Арменияның Еуразиялық Одақты Иранмен байланыстыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екендігін мәлімдеп, Теһран мен Ереванның кедендік ынтымақтастығының экономикалық және сауда-саттық байланыстарды кеңейтуге көмектесетінін баса айтты.

Иран мен Армения жұма күні де екі ел арасындағы сауда және туризм байланыстарын жеңілдету мақсатында ынтымақтастық меморандумына қол қойды.