Әзірбайжан республикасы мен Ресейдің лаңкестікке қарсы бірлескен амалдары басталды
https://itolqyn.com/news/world-i18376-Әзірбайжан_республикасы_мен_Ресейдің_лаңкестікке_қарсы_бірлескен_амалдары_басталды
Әзірбайжан республикасы мен Ресейдің лаңкестікке қарсы бірлескен амалдары екі елдің ортақ шекарасында басталды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 21, 2016 21:53 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан республикасы мен Ресейдің лаңкестікке қарсы бірлескен амалдары басталды

Әзірбайжан республикасы мен Ресейдің лаңкестікке қарсы бірлескен амалдары екі елдің ортақ шекарасында басталды.

Осы іс-қимылдар Әзірбайжан республикасының қоғамдық тәртіп күштері мен Ресейдің құқық қорғау күштерінің ынтымақтастығымен «Шекара – қалқан» деген атаумен жүзеге асырылды.

27- ші қарашаға дейін жалғасатын осы бірлескен амалдарда Әзірбайжан республикасының шекарадағы «Гусар» және «Хачмаз» аудандарында  қоғамдық тәртіп күштерінің арнайы пункттері құрылған.

Ұйымдасқан қылмыс пен, заңсыз миграция, есірткі және қару-жарақ, оқ-дәрі контрабандасымен күрес Әзірбайжан республикасы мен Ресейдің қоғамдық тәртіп күштерінің бірлескен амалдарының негізгі мақсаты деп жарияланып отыр.