Әлемнің диктаторлары Израильдің тыңшылық компаниясының қызметін пайдаланады
(last modified Thu, 24 Nov 2016 15:23:25 GMT )
Қар 24, 2016 21:23 Asia/Almaty
  • Әлемнің диктаторлары Израильдің тыңшылық компаниясының қызметін пайдаланады

Жеке электрондық аппараттарға, соның ішінде ұялы телефонға хакерлік шабуыл жасау негізіндегі коммуникациялық компаниялардың бірі болып табылатын израильдік Cellebrite компаниясы әлемдегі 115 диктаторлық жүйеге қарсыластарының жеке мағлұматтарына қол жеткізуге көмектеседі.

Cellebrite компаниясының атқарушы басшыларының бірі Лиор Бен Перц бұл туралы: «Жаңа ұялы телефон нарыққа шыққанда Cellebrite компаниясының 250 қызметкері күндер немесе айлар бойы оның кодына хакерлік шабуыл жасау үшін кемшіліктерін табу үшін жұмыс істейді. Cellebrite компаниясы тіпті осыдан бірнеше жыл бұрын жіберілген, кейін ұялы телефонның жадынан өшірілген sms хаттарды қайтадан табатын қабілетке ие»  деді.