Иран мен Арменияның сот саласындағы ынтымақтастықтары кеңейеді
(last modified Fri, 25 Nov 2016 12:53:24 GMT )
Қар 25, 2016 18:53 Asia/Almaty
  • Иран мен Арменияның сот саласындағы ынтымақтастықтары кеңейеді

Еревандағы Иран елшісінің Арменияның Жоғарғы сотының төрағасымен кездесуінде екі тарап екі ел арасындағы сот саласындағы ынтымақтастықтарды кеңейту жолдарын қарастырды.

Еревандағы Иран ислам республикасының елшісі сейіт Казем Саджади мен Армения Жоғарғы Сотының төрағасы Арман Мкртумян кездесуде екі елдің сот және құқықтық саладағы ынтымақтастықтарын кеңейтуді  өзге бөлімдердегі байланыстарды күшейтуші фактор ретінде қуаттады. Сот делегацияларымен алмасу және екі елдің сот мекемелері арасында байланыс орнату Иран елшісі мен Армения Сотының жоғары деңгейлі басшысының Еревандағы сұхбаттасуының өзекті тақырыптарының келесі қатарын құрады. Саджади жақында Иран елшілігі мен Арменияның Әділет министрлігінің ынтымақтастықтары шеңберінде Арменияда түрмеге қамалған төрт Иран азаматының ислам республикасына қайтарылғанын мәлімдеді.