Иранның Энергия министрі: Әлем түйткілдерді шешу үшін адал ынтымақтастықты қажет етеді
(last modified Sun, 27 Nov 2016 02:57:14 GMT )
Қар 27, 2016 08:57 Asia/Almaty
  • Иранның Энергия министрі: Әлем түйткілдерді шешу үшін адал ынтымақтастықты қажет етеді

Иранның Энергия министрі әлемдегі бүгінгі түйткілдерге тосқауыл қоюдың әртүрлі үкіметтер арасында адал ынтымақтастық пен көбірек үйлесімділікті қажет ететіндігін айтты.

Иранның Энергия министрі Хамид Читчиан сенбі күні Жапонияда әлемдік «Энергия Жарғысы" саммитінің 27-ші отырысында жасаған баяндамасында: «Энергия саласында республикалық, аймақтық және әлемдік деңгейлердегі халықаралық ынтымақтастық ортақ күн тәртібі бойынша іске асуы керек.

Энергияға қол жетімділікті жақсарту, ресурстардың түрлілігі, қауіпсіздік, қайтадан пайдалануға болатын энергиялар қолданысын арттыру халықаралық «Энергия Жарғысы» саммитіне қатысушы үкіметтердің стратегиялық бағдарламалары мен саясаты болып табылады» деді.

Читчиан сондай-ақ халықаралық «Энергия Жарғысының» бас хатшысы Урбан Руснакпен кездесуде Иран ислам республикасын көміртегі өндірісін азайту және Париж келісімшарты шеңберінде жаңа энергияларды пайдалануды арттырудағы өз міндеттемелерін орындауда шынайы деп атап: «Көмірсутек энергияларының ең үлкен қорына ие ел Иран әлемді энергия қауіпсіздігімен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаруда» деді.

Иранның Энергия министрі жұма күні Иран ислам республикасының халықаралық «Энергия Жарғысына» бақылаушы мүше болып кірген құжатқа қол қойды.

Халықаралық «Энергия Жарғысы» министрлерінің 27-ші конферециясы сенбі күні Токиода өз жұмысын бастады.