Иран БҰҰ-ын ДАИШ-тың ирандық зияратшыларға жасаған шабуылына үнсіздік танытуын сынады
Қар 27, 2016 16:01 Asia/Almaty
Иранның БҰҰ-дағы елшісі осы ұйымның Бас хатшысына хат жолдап, бұл ұйымнан ДАИШ-тың жуырда ирандық зияратшыларға жасаған шабуылына қатысты реакция білдіруін сұрады.
Иранның БҰҰ-дағы елшісі осы ұйымның Бас хатшысына хат жолдап, бұл ұйымнан ДАИШ-тың жуырда ирандық зияратшыларға жасаған шабуылына қатысты реакция білдіруін сұрады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның БҰҰ-дағы елшісі Ғоламхосейн Деһқани сенбі күні осы ұйымның Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті төрағасына хат жолдап, ДАИШ лаңкестік тобының бейсенбі күні ирандық зияратшыларға жасалған қанды шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алғанына тоқталып, Иран үкіметі мен халқының ДАИШ пен оған бағынышты және басқа да лаңкестік топтарды жоюға бар күшін салатынын баса айтты.
Деһқани осы хатта Иранның БҰҰ тарапынан осы лаңкестік әрекеттің қатаң айыпталатындығына үміттенетінін айтып, әсіресе Қауіпсіздік кеңесінен лаңкестікпен күресуге бағытталған кесімді шаралар қолдануға қатысты өзінің міндетін орындауын сұрады.
Өткен бейсенбі күні Бағдадтың оңтүстігіндегі Бабель облысының орталығы Халле қаласының әл-Шумели ауданындағы жанар-жағармай орталығында жанармай танкеріне қойылған бомба жарылысы салдарынан шамамен 100 зияратшы шәһид болып, жараланды.
ДАИШ лаңкестік тобы мойнына алған Халледегі осы лаңкестік жарылыста қаза болғандардың көбі - ирандықтар.
Тегтер