Израиль Еуропа тарапынан санкциялардың жалғасып жатқанына ашу-ыза білдірді
(last modified Mon, 28 Nov 2016 03:15:27 GMT )
Қар 28, 2016 09:15 Asia/Almaty
  • Израиль Еуропа тарапынан санкциялардың жалғасып жатқанына ашу-ыза білдірді

Франция сионистік режимнің қалашықтарында өндірілген тауарларға маркалау туралы жаңа нұсқаулықты жариялаған соң бұл мәселе Израильдің теріс реакциясы мен ашу-ызасын тудырды.

Франция Еуроодақтың Иордан өзенінің батыс жағалауындағы және Бейт ул-Мұқаддастың шығысындағы сионистік қалашықтарда өндірілетін тауарларды маркалау туралы заңдарын орындауға негізделген нұсқаулық жариялады.

Франция үкіметінің сайтында жарияланған нұсқаулықта келтірілгендей, халықаралық заңдар бойынша Сирияның Голан биіктіктері мен Бейт ул-Мұқаддастың шығысын қамтитын Иордан өзенінің батыс жағалауы Израильдің бір бөлігі болып саналмайды. Израиль режимінің СІМ Францияның осы шарасына реакция білдіріп: «Санкцияларға қарсы заңға ие Францияның Израильге санкция салу қозғалысын ынталандыру деп саналатын шараларды атқарып жатқаны өкініш тудырады»,-деп мәлімдеді.

Еуроодақтың соңғы жылдары сионистік қалашықтарда өндірілген тауарларды маркалау туралы шешімі сионистік режимнің қайраткерлерін  қатты алаңдатып отыр. Еуропа комиссиясы сионистік режимнің қарсылығына қарамастан басып алынған жерлердегі сионистік қалашықтарда өндірілген тауарларды маркалауды міндеттеді. Еуроодақтың шешімі Иордан өзенінің батыс жағалауында, Бейт ул-Мұқаддастың шығысы мен Голан биіктіктерінде орналасқан сионистік қалашықтарда өндірілген тауарларды маркалауды міндеттеу туралы нұсқаулықтарды қамтиды. Бұл жерлердің барлығы 1967 жылғы 6 күндік соғыста сионистік режим тарапынан басып алынған болатын. Айта кететін жайт, сионистік қалашықтарда өндірілген тауарларды маркалау кейбір еуропалық елдерде іс жүзінде соңғы жылдары халықтық құрылымдар тарапынан әртүрлі тәсілмен жүзеге асырылды. Шын мәнінде, халықтық құрылымдар Израильге санкция салу саласында алғы шептен көрініп келеді. Еуропа үкіметтерінің амалдары халықтық қозғалыстардан кейін орын алып отыр.

Қоғамдық пікірдің қысымынан кейін әлем халықтарының сионистік режимнің қылмыстары мен басқыншылықтарына күн өткен сайын қатаң реакция білдіруі бұл режимнің әлем бойынша жиренішке ұшырап отырғанын, әлемдік қауымдастықтың оған әртүрлі тәсілдермен жиіркеніш білдіріп отырғанын көрсетеді. Мұндай өзгерістер осы басқыншы режимнің халықаралық сахнада одан ары оқшаулана түскенін байқатады. 

Израильдің «Гаарец» газетінің хабарлауы бойынша, Еуропа елдері тарапынан Израильдің тауарларына санкцияның жалғасуымен  2015 жылы Израильдің экономикасына тигізілген зарардың көлемі шамамен 9,5 млрд долларға жеткен.

Әлемдік қауымдастық сионистік режимнің Палестинаның жапа шеккен халқына қарсы айуандық әрекеттері жөнінде көбірек хабардар болған соң Израильдің саясаттарына қарсылық толқыны көбейіп жатыр. Израиьдің тауарларына санкция салу әлем елдерінде күн сайын артып келеді. Қалай болғанда да, әлемнің сионистік режимге қарсы позиция ұстанып, реакция білдіруі бұл режимнің бейбастақтықпен басқыншылық жасауының тіпті осы режимнің демеушілері арасында да қабылданбайтынын және еуропалық елдердің де қоғамдық наразылықтардың таралуынан қорыққандықтан  бұдан былай сионистік режимнің экспансиялық саясаттарын, әсіресе қалашық салу ісін қолдауға дайын еместігін көрсетеді. Халықаралық өзгерістер сионистік режимнің халықаралық сахнадағы оқшаулануының саяси, мәдени және университеттік салалармен шектелмейтінін, мұнымен қоса экономикалық салаларды да қамтитынын көрсетеді.