Наурыз адамзат мұрасы ретінде ЮНЕСКО-да тіркелді
https://itolqyn.com/news/world-i18964-Наурыз_адамзат_мұрасы_ретінде_ЮНЕСКО_да_тіркелді
Наурызға қатысты 12 ұлт қатысқан іс БҰҰ-ның Ғылым, білім және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО-ның әлемнің рухани мұралары тізіміне тіркелді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 01, 2016 15:52 Asia/Almaty
  • Наурыз адамзат мұрасы ретінде ЮНЕСКО-да тіркелді

Наурызға қатысты 12 ұлт қатысқан іс БҰҰ-ның Ғылым, білім және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО-ның әлемнің рухани мұралары тізіміне тіркелді.

ИИР-ның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымының қоғамдық қатынастар бөлімінің хабарлауы бойынша,  Эфиопияның астанасы Аддис-Абеба қаласының бейматериалдық мәдени мұраларды сақтау үкіметаралық комитетінің 11-ші отырысында Иранның басқаруымен 12 ел қатысқан бірнеше ұлттық Наурыз ісі қарастырылып, Наурыз әлемнің ең үлкен әрі ең көне бейматериалдық рухани мұрасы ретінде танылды.

ИИР-ның Мәдени мұра, қолөнер және туризм ұйымы басшысының орынбасары Мұхаммадхасан Талебиан Наурыз мерекесінің әлем бойынша тіркелгенін жарияланғаннан кейін: «Наурыз – даналық, тепе-теңдік пен өмірге деген үміттің көрінісі»,-деді.

Қазақстан мен Үндістан елдерінің өкілдері де ИИР-на Наурыз туралы істі басқарғанына алғыс айтты. 

БҰҰ-ның тарихында бірінші рет орын алған бұл шарада ирандық Наурыз халықаралық мейрам ретінде ресми түрде танылды.