ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндірісі деңгейін төмендетуге келісті
(last modified Thu, 01 Dec 2016 10:33:52 GMT )
Жел 01, 2016 16:33 Asia/Almaty
  • ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндірісі деңгейін төмендетуге келісті

Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы ОПЕК-ке мүше елдер сәрсенбі күні Венада отырыс өткізіп, осы ұйымның шикі мұнай өндіру көлемін азайту және Иранның үлесін арттыру туралы келісімге келді.

Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауы бойынша,  ОПЕК-ке мүше елдер кеше Венада өздерінің 71-ші отырысында күніне ОПЕК-тің мұнай өндірісін 1 млн  200 мың баррельге азайтуға келісті. Осылайша ОПЕК өндіретін мұнайдың көлемі күніне 32,5 млн баррельді құрайтын болады.

ОПЕК-ке мүше елдер осыдан бұрын күніне 33,64 млн баррель мұнай өндіретін еді.  

ОПЕК, сондай-ақ, кешегі отырыста Иранның өз мұнай өндірісін күніне шамамен 3,9 млн баррельге жеткізуіне келісті.  

Иранның Мұнай министрімен бірге ОПЕК-тің отырысына қатысу үшін Венаға барған Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілі Бехруз Немати: «Бүгінгі отырыста Ирак, Сауд Арабиясы, Катар мен БАӘ-нің үлестері шамамен 4 пайызға төмендеді.  Үлесі азаймай, керісінше артқан жалғыз ел Иран болды..

ИИР осы үлеске 85 мың баррель мұнай қосылады деп күтеді. Сол кезде Иран санкцияларға дейінгі деңгейге, яғни күніне 3 млн 975 мың баррельге жете алады»,-деп қуаттады.