Ресей федерациясының кеңесі Иранмен байланысты кеңейтуді қуаттады
(last modified Thu, 01 Dec 2016 16:16:20 GMT )
Жел 01, 2016 22:16 Asia/Almaty
  • Ресей федерациясының кеңесі Иранмен байланысты кеңейтуді қуаттады

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары мен Ресей федерациясы кеңесінің орынбасары екі елдің байланыстары мен ынтымақтастықтарын кеңейту жолдарын қарастырды.

Иран Сыртқы істер министрінің Азия және Океания істері бойынша орынбасары Ибрахим Рахимпур Мәскеуден кетер алдында Ресей федерациясы кеңесінің орынбасары Ильяс Мохаммад Умахановпен кездесуде: «Екі елдің қайраткерлері арасында байланыстарды кеңейту бағытында тиісті талап бар. Екі елдің меморандумдары мен ынтымақтастықтары әлемдік өзгерістерге айтарлықтай әсерін тигізе алады. Иран мен Ресей байланысы биылғы жылы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 80 пайыз өскен. Екі елдің стратегиялық байланыстары экономикалық байланыстың өсуімен қалыптасады» деді.

Ресей федерациясы кеңесінің орынбасары Ильяс Мохаммад Умаханов та осы кездесуде Иранмен байланысты кеңейтуді өз елі үшін маңызды деп атап: «Иран мен Ресейдің жоғары деңгейлі басшыларының талпыныстарымен екі елдің қарым-қатынасы барлық негіздерде кеңейіп келеді» деді.

Осы мәлімет бойынша екі тарап екі елдің ынтымақтастықтарының екіжақты салалар мен Сирия дағдарысы және аймақтық мәселелерде сәтті болғанын, екіжақты ынтымақтастықтардың аймаққа бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік сыйлай алатынын қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Ибрахим Рахимпур сәрсенбі күні кешке Мәскеуден Түркіменстанға аттанды.