Ресей «алтылық» елдеріне «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтау қажеттігін ескертті
ИИР-ның Ресейдегі елшісі Мәскеудің ядролық келіссөздердің негізгі мүшелерінің бірі ретінде «алтылық» елдеріне «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтау қажеттігін ескерткенін хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР-ның Ресейдегі елшісі Мехди Санаи жексенбі күні Мәскеуде 6 желтоқсан – Студенттер күні қарсаңында АҚШ Конгресінің Иранға қарсы санкцияларын ұзартуға бағытталған жуырдағы шарасына тоқталып: «Кеше Ресей Президенті қол қойғаннан кейін жарияланған Ресейдің сыртқы саясат туралы жаңа доктринасы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын халықаралық құжат ретінде кемшіліксіз орындау қажеттігін қуаттайды.
Ресейлік қайраткерлер «алтылық» тобының басқа елдеріне ескерту жасап, Иранның аталмыш бағдарлама бойынша өзінің барлық міндеттемелеріне берік екенін қуаттап, бұл елдерді осы келісімнің орындалуына зиян тигізетін және оны бұзатын кез-келген шараны орындаудан бас тартуға шақырады.
АҚШ Конгресінің Иранға қарсы санкцияларды он жылға ұзарту шарасы уәдені бұзу әрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу болып табылады. Егер жоба бекітіліп, заңдық күшке ие болса, ИИР-ның қатаң жауабына ұшырайды»,-деді.