Салехи АҚШ-тың Энергетика министріне санкциялардың ұзартылғанына қатысты қатаң наразылық білдірді
(last modified Mon, 05 Dec 2016 09:06:23 GMT )
Жел 05, 2016 15:06 Asia/Almaty
  • Салехи АҚШ-тың Энергетика министріне санкциялардың ұзартылғанына қатысты қатаң наразылық білдірді

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Венада АҚШ-тың Энергетика министрі Эрнест Монизбен кездесуінде АҚШ-тың Конгресінде Иранға қарсы ISA атты санкциялар заңын ұзартуға қатысты наразылық білдірді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи мен АҚШ-тың Энергетика министрі Эрнест Мониз жексенбі күні Венада Халықаралық ядролық қауіпсіздік конференциясында кездесіп, сұхбаттасты.

Салехи осы кездесуде ИИР-ның АҚХА-інде бекітілген «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты өзінің барлық міндеттемелеріне толық берік екенін айтып, АҚШ-тан да осы саладағы өз міндеттемелеріне берік болып, әсіресе ISA атты заңның орындалуының алдын алуын сұрады. 

Салехи АҚШ-тың Энергетика министріне ИИР-ның АҚШ Конгресінің бұл шарасына кез-келген реакция білдіруге құқығының бар екендігін ескертті.  

АҚШ-тың Энергетика министрі Эрнест Мониз де осы кездесуде Иран үкіметінің наразылығын АҚШ-тың Президентіне жеткізетінін айтып: «АҚШ үкіметі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына берік. Президент бұрынғысынша өзінің өкілеттігін пайдаланып, аталмыш заңның осы бағдарлама бойынша орындалмауы тиіс бөлімдерінің алдын алады»,-баса айтты.

 

Тегтер