Иран мен Қытайдың Сыртқы істер министрлері Бейжіңде кездесті
(last modified Mon, 05 Dec 2016 09:22:07 GMT )
Жел 05, 2016 15:22 Asia/Almaty
  • Иран мен Қытайдың Сыртқы істер министрлері Бейжіңде кездесті

Иран мен Қытай Сыртқы істер министрлері Бейжіңде екіжақты қарым-қатынасты кеңейту жолдары мен аймақ пен әлемнің ең маңызды өзгерістерін талқылады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, дүйсенбі күні Иранның жоғары деңгейлі саяси-экономикалық делегациясын бастап, Бейжіңге барған Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Қытайдың Сыртқы істер министрі Ванг Имен кездесіп, сұхбаттасты.

Иран мен Қытай Сыртқы істер министрлері осы кездесуде екі жақты қызықтыратын  ортақ мәселелермен бірге аймақтық және халықаралық соңғы өзгерістерді талқылап, пікір алмасты. 

Тараптар Иран мен Қытай қарым-қатынасының ежелгі тарихына тоқталып, екі елдің өзара әріптестігін кеңейту мен қарым-қатынасын дамыту үшін ешқандай кедергінің жоқ екендігін қуаттады.

Зариф Қытай Президенті Си Цзиньпиннің  биылғы жылдың сәуір айында Теһранға жасаған сапарына тоқталып: «Бұл сапар екі елдің қарым-қатынасын  одан ары жақсарта алады»,-деді.

Зариф Бейжің әуежайында тілшілерге берген сұхбатында Қытайды ауыр санкциялар кезінде Иранның жанынан табылған дос ел деп атап: «Қазіргі жағдайда екі елдің экономикалық қарым-қатынасының жеңілдегеніне байланысты Теһран өзінің саяси ерік-жігерімен Қытайды бұрынғыдай бір стратегиялық серіктес ретінде жанынан көргісі келеді»,-деп қуаттады.