Иран Арменияда еркін аймақ құруға атсалысуды қалайды
Жел 05, 2016 21:39 Asia/Almaty
Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Иранның инфрақұрылымдарды іске қосу және еркін аймақтар құру негізіндегі өз тәжірибелерін Арменияға ұсынатынын мәлімдеді.
Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мұхаммад Реза Нематзаде Теһранда Арменияның Инфрақұрылымдар, энергетика және табиғи ресурстар министрі Ашот Манукянды қабылдауда Иранның Арменияда "Мағри" еркін аймағын салу мен іске қосуға атсалысуды қалайтынын хабарлап: «Осы еркін аймақты құру екі елдің коммерциялық байланыстарын жақсарту мен жоғарылатуға көмегін тигізетін болады» деді.
Тегтер