Бахрейн Ұлыбританиядағы бір орталыққа 25 миллион фунт пара берген
https://itolqyn.com/news/world-i19411-Бахрейн_Ұлыбританиядағы_бір_орталыққа_25_миллион_фунт_пара_берген
Қолда бар айғақ-деректерге сәйкес, Ұлыбританиядағы бір зерттеу орталығы Бахрейн билеушілерінен 25 миллион фунт пара алған.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 08, 2016 21:23 Asia/Almaty
  • Бахрейн Ұлыбританиядағы бір орталыққа 25 миллион фунт пара берген

Қолда бар айғақ-деректерге сәйкес, Ұлыбританиядағы бір зерттеу орталығы Бахрейн билеушілерінен 25 миллион фунт пара алған.

«The Guardian» газеті жариялаған құпия құжаттар бойынша Бахрейннің билеушілері осы соманы 5 жылдың ішінде Лондонда орналасқан халықаралық стратегиялық зерттеулер орталығына (IISS) берген. Осы құжаттар сондай-ақ аталмыш орталықтың барлық тиісті шараларда көптеген қаржылық көмектерді құпия сақтау үшін Бахрейн билеушілерімен келіскенін көрсетеді.