АҚШ пен Ұлыбритания халықаралық әуе жолдарының жолаушыларына тыңшылық жүргізеді
Жуырда әшкереленген құжаттар бойынша АҚШ пен Ұлыбританияның тыңшылық қызмет орындары коммерциялық рейстерде, соның ішінде "Air France" рейстерінде жолаушылардың ұялы телефондарының мағлұматтарын алуға талпыныс жасаған.
"Пресс ТВ" арнасының хабарлауынша, Эдвард Сноуден әшкерелеген осы құжаттар бойынша, "Air France" әуе жолдары мен Ұлыбританияның ішкі қауіпсіздік ұйымы осы бағдарламаның алғашқы нысаналары болған.
2007 жылдан күшіне енген осы тыңшылық бағдарламалары жолаушылардың ұялы телефондарының мәліметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік тудырған.
Әдетте жолаушылар үшін рейстерде ұялы телефонды пайдалануға мүмкіндік болмайды, бірақ кейбір әуе компаниялары жолаушыларға арнайы "Wi-Fi" жүйесіне қосылу арқылы ғаламторға негізделген мүмкіндіктерді өз ұялы телефондарында қолдануға рұқсат етеді.
Осы мәлімет бойынша жолаушылардың ұялы телефонына тыңшылық жасау ұшақтың 10 мың футтан жоғары биіктікте ұшуын қажет етеді.