АҚШ пен Ресей Сыртқы істер министрлерінің Сирия туралы сұхбаты нәтижесіз аяқталды
(last modified Fri, 09 Dec 2016 09:44:31 GMT )
Жел 09, 2016 15:44 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Ресей Сыртқы істер министрлерінің Сирия туралы сұхбаты нәтижесіз аяқталды

АҚШ пен Ресей Сыртқы істер министрлерінің Германияның Гамбург қаласында Еуропаның Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастық Ұйымының отырысы аясында Сирияның Халеб қаласындағы қақтығыстарды доғару және қарулы адамдар мен әскери емес азаматтарды осы қаладан шығару жөніндегі сұхбаты нәтижесіз аяқталды.

Кейбір мәліметтер Вашингтон мен Мәскеудің Халебтегі қақтығыстарды доғару туралы келісімге жақындағанын аңғартқанымен,  АҚШ пен Ресей Сыртқы істер министрлері Джон Керри мен Сергей Лавров Гамбургтағы кездесудің соңында бұл жөнінде келісімге қол жеткізбей,  Халебта ымыра орнату туралы сұхбаттасуды жалғастыру кейінге қалдырылды.

Керри мен Лавровтың сұхбатының соңында Ақ Үйдің ақпарат хатшысы Джош Эрнест Сириядағы дағдарыстың жалғасуына байланысты Америка өзінің еуропалық одақтастарымен бірге экономикалық және саяси салаларда Ресейге қарсы көбірек санкция салуы ықтимал деп мәлімдеді. Ақ Үйдің ақпарат хатшысы қазіргі кезде түпкі шешім жолы дипломатиялық әріптестік болып табылады, бірақ Ресей осындай шешім жолға қол жеткізу үшін ынтымақтастық жасамай отыр деген уәж айтты. Кремльдің ақпарат хатшысы Дмитрий Песков Сирияға қатысты сұхбаттасулардың тоқтатылуына АҚШ-ты жауапкер деп ата: «Америка Сирияда тыныштық пен тұрақтылыққа көмектесу үшін әсерлі шара қолданбағанымен қатар, тіпті қоқан-лоққылар мен негізсіз санкцияларды жалғастыруда» деді.

АҚШ пен Ресей Сыртқы істер министрлері мынадай жағдайда кездесті: соңғы күндері Халебтің шығыс аймақтарында Сирия армиясының бұрын-соңды болмаған деңгейде алға жылжуы және Сирияның халқы көп екінші қаласын лаңкестердің қолынан толығымен азат ету ықтималы күшеюімен орайлас лаңкестерді демеуші Батыс елдері, әсіресе Америка шайқасты тоқтату үшін белсенділігін арттырып, саяси келіссөзді тілге тиек етіп отыр. Батыстықтар сондай-ақ Мәскеуді Сирия үкіметінің одақтасы ретінде әскери еместерді өлтіріп, Халебке жәрдем мен азық- түлік жөнелтудің алдын алуда деп айыптап, Ресейге қарсы қатаңырақ санкциялар салуға мүдд,лілік танытып отыр.

Сириядағы дағдарыс 2011 жылы Сауда Арабиясы, АҚШ және оның одақтастары қолдап отырған лаңкестік топтардың Сирия президенті Башар Асадтың заңды үкіметін құлату үшін ауқымды шабуыл жасауымен басталды. Батыстың ұстанымы сол кезден лаңкестерге қолдау көрсетуімен Башар Асадтың заңды үкіметін құлату үшін әскери шайқас болып табылады. Ал Батыстың қазіргі кезде неліктен Сирия дағдарысын шешу үшін сұхбаттасуды сөз етіп отырғанына келетін болсақ, оның себебі Сирия армиясы Халебтің 80 пайыздан астамын азат еткен. Халеб лаңкестер мен оларадың батыстық демеушілерінің, әсіресе Американың соңғы үміті болып табылады. Сирия армиясының осы қаладағы шайқастағы жеңісі Сириядағы,  тіпті аймақтағы соғыстың үдерісін өзгертеді.

 

АҚШ сан рет Халебте жалған ымыра орнату жобасымен өзінің саяси мақсаттарын, яғни лаңкестерді құтқаруды жүзеге асырмақ болды, бірақ қазір өз мақсатына қол жеткізе алмай отырғандықтан Сирия мен Ресей сияқты демеушілеріне санкцияларды күшейту туралы сес көрсетіп отыр. АҚШ пен батыстықтардың осы ұстанымы олардың Сирия мен Таяу Шығыстың өзге аймақтарында лаңкестікті қолдауын одан әрі жалғастыратынын көрсеткенімен Сирия үкіметі мен оның одақтастары лаңкестердің табысқа жетуіне жол бермейді.