ХАМАС: Американың Израильды қолдауы лаңкестікті қолдау болып табылады
(last modified Sat, 10 Dec 2016 16:07:05 GMT )
Жел 10, 2016 22:07 Asia/Almaty
  • ХАМАС: Американың Израильды қолдауы лаңкестікті қолдау болып табылады

Палестина Исламдық Қарсыласу Қозғалысының (ХАМАС) ақпарат хатшысы Фузи Бархум Американың сионистік режимге қаржылай және әскери демеушіліктерін лаңкестікті қолдау деп атап:

«Американың сионистік режимге әскери әлеуеті мен зымырандық жүйелерін дамыту мақсатында қаржылай және әскери тұрғыдан қолдау көрсетуі ресми түрде осы режимнің Палестина халқы мен аймақтағы барлық халықтарға қарсы қылмыстарын бүркемелеу болып табылады» деп мәлімдеді. АҚШ Сенаты өзінің 2017 жылғы бюджетінде Израиль режимінің әскери мәселелеріне жылдық көмегі үшін 304 млрд доллармен қоса осы режимнің зымырандық бағдарламасын күшейту мақсатында 600 млн доллар бөлді.