Бангладеш халқы Мьянмадағы рохинья мұсылмандарын қыруға наразылық танытты
(last modified Sat, 10 Dec 2016 16:20:00 GMT )
Жел 10, 2016 22:20 Asia/Almaty
  • Бангладеш халқы Мьянмадағы рохинья мұсылмандарын қыруға наразылық танытты

Бангладеш халқы адам құқығы әлемдік күніне байланысты рохинья мұсылмандарының жағдайына наразылық танытып, осы елдің астанасы Даккада шеруге шықты.

Шерушілер "Демократия үшін ұлттық лига" атты билік партиясының жетекшісі әрі Мьянма Сыртқы істер министрі Аун Сан Су Чжиді рохинья мұсылмандарының жағдайын қарастыруда салғырттық танытып отыр деп айыптап, Бангладеш үкіметінен адамгершілік үшін олардың Бангладешке кіруіне келісім беруін сұрады. Даккадағы наразылар сондай- ақ халықаралық ұйымдардың рохинья мұсылмандарына қолдау көрсетуін талап етті.