Рухани Индонезиядағы жер сілкінісіне байланысты ел президентіне көңіл айтты
(last modified Sun, 11 Dec 2016 07:41:32 GMT )
Жел 11, 2016 13:41 Asia/Almaty
  • Рухани Индонезиядағы жер сілкінісіне байланысты ел президентіне көңіл айтты

ИИР президенті Индонезияда адам қазасына себеп болған жер сілкінісіне байланысты осы елдің президентіне көңіл айтты.

Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани сенбі күні Индонезия президенті Джоко Видодоға жолдаған хатында жуырдағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамдардың жараланып және қаза табуына байланысты көңіл айтып, Иранның Индонезияның апаттан зардап шеккен мұсылман халқына көмек көрсетуге әзір екендігін мәлімдеді.

Өткен аптаның сәрсенбі күні таңертең Индонезияның Ачех провинциясында орын алған 6,5 балдық жер сілкінісі 102 адамның өлімі мен мыңдаған адамның панасыз қалып, көптеген ғимараттың қирауына соқтырды.