Екі америкалық тыңшылық жасады деген айыппен Қырғызстаннан қуылды
Атын атамауды өтінген Қырғызстанның қауіпсіздік саласының бір басшысы Американың екі азаматының тыңшылық бүлдіргі әрекеттер жасау және рұқсатсыз зерттеу амалдарын жүргізу айыбымен Қырғызстаннан қуылғанын хабарлады.
Қырғызстанның қауіпсіздік саласы басшыларының бірі осы елде сонымен қатар тоғыз америкалықтың тыңшылық жасау күдігі бойынша құрықталғанын мәлімдеп, бірнеше шетелдік тыңшының саяхатшы ретінде Қырғызстанның оңтүстік аймақтарына келіп, этникалық азшылықтар тұратын аудандарда үйлерді жалға алғанын айтып, сонымен қатар сөзінің келесі бөлімінде: «ДАИШ тобының қатарында Сирия соғысына қатысып жатқан Қырғызстан азаматтарына қатаң қатынас көрсетілетін болады. Тіпті олардың азаматтығының күші жойылатын болады» деді.