Ресей президентінің арнайы өкілі Велаятимен кездесті
(last modified Sun, 18 Dec 2016 13:17:13 GMT )
Жел 18, 2016 19:17 Asia/Almaty
  • Ресей президентінің арнайы өкілі Велаятимен кездесті

Ресей президентінің Сирия ісі бойынша арнайы өкілі мен Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы аймақтағы өзгерістер туралы кеңесті.

Теһранға сапармен келген Ресей президентінің Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев жексенбі күні Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаятимен кездесіп, Сирия мен аймақ өзгерістері және лаңкестік топтарға тосқауыл қоюдың қажеттігі туралы сөйлесті.

Әли Акбар Велаяти осы кездесуде Мәскеу мен Теһранның күн сайын екіжақты, аймақтық және халықаралық байланыстарда оң қадамдардың жасалуына куә болуына үміт білдірді.

Ресей президентінің Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев те осы кездесуде Иран мен Ресей байланыстарының кеңейіп жатқанын, екіжақты байланыстар мен аймақ дағдарыстары туралы Велаятимен сұхбаттасқанын айтты.

Лаврентьев Иран мен Ресей басшыларының жиі кездесуін екі ел байланыстарының кеңейіп жатқанының белгісі деп атады.

Иран ислам республикасы мен Ресей аймақтағы, әсіресе Сирия өзгерістеріндегі маңызды және ықпалды екі ел ретінде Батыс Азиядағы саяси өзгерістерде маңызды рөлге ие. Екі елдің арасында игі ынтымақтастық орнаған.