Британдық қарулардың Сауд Арабиясына сатылып жатқаны белгілі болды
https://itolqyn.com/news/world-i20407-Британдық_қарулардың_Сауд_Арабиясына_сатылып_жатқаны_белгілі_болды
Ағылшын газеті: «Лондон Парсы Шығанағы өңіріндегі басып-жаншушы араб елдеріне, соның ішінде Сауда Арабиясына қару- жарақ сатуды күн тәртібіне қойып отыр» деп жазды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 19, 2016 08:27 Asia/Almaty
  • Британдық қарулардың Сауд Арабиясына сатылып жатқаны белгілі болды

Ағылшын газеті: «Лондон Парсы Шығанағы өңіріндегі басып-жаншушы араб елдеріне, соның ішінде Сауда Арабиясына қару- жарақ сатуды күн тәртібіне қойып отыр» деп жазды.

ИРНА-ның жексенбі күнгі мәліметіне сәйкес, «The Independent» газеті: «Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасының кейбір мүшелерінің сынауына қарамастан қазір әскери жүктер кейбір елдерге жөнелтіліп жатыр» деді.

"Қару саудасына тосқауыл қою" азаматтық тобының мүшесі Эндро Смит: «Бүгінде британдық қарулар Йеменді ойрандауда маңызды рөл атқарып жатыр. Қару экспорттау кейбір басып- жаншушы үкіметтерге қолдау көрсету болып табылады» деді.

«The Independent» газетінің жазуынша, Ұлыбританияның қорғаныстық және әскери өнеркәсібі жылына 7,7 млрд фунттан астам табысымен осы елдің экономикасында маңызды рөл атқарып отыр.