Эрдоған: Түркия мен Ресейдің қарым-қатынасына ешкім нұқсан келтіре алмайды
(last modified Tue, 20 Dec 2016 08:40:56 GMT )
Жел 20, 2016 14:40 Asia/Almaty
  • Эрдоған: Түркия мен Ресейдің қарым-қатынасына ешкім нұқсан келтіре алмайды

Түркия Президенті дүйсенбі күні Анкарадағы Ресей елшісінің қаза болуына байланысты Ресей халқына көңіл айтып: «Бұл оқиға екі елдің қарым-қатынасына нұқсан келтіру мақсатында орын алған арандатушылық әрекет»,- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Реджеп Тайып Эрдоған бұл лаңкестік әрекеттің Түркия мен Ресейдің Алеппо дағдарысын шешіп, әскери емес халықты шығару саласында бірге ынтымақтастық жасап отырған жағдайда орын алғанына назар аудартты.

 Түркия Президенті дүйсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путинмен  телефон арқылы сөйлесіп, көңіл айтты.  Эрдоған Путиннен Мәскеу елшісі Андрей Карловқа қарсы жасалған лаңкестік акттің егжей-тегжейін анықтау үшін Анкараға зерттейтін топ жіберуді сұрады. Путин келісіп, Ресей мен Түркияның қарым-қатынастарын бұзғысы  келетіндердің нәтижеге жетпейтіндіктерін қуаттады.