Путин: Анкарадағы Ресей елшісін өлтіргендерді анықтау керек
(last modified Tue, 20 Dec 2016 08:50:03 GMT )
Жел 20, 2016 14:50 Asia/Almaty
  • Путин: Анкарадағы Ресей елшісін өлтіргендерді анықтау керек

Ресей Президенті Владимир Путин Түркияда өз елінің елшісіне қарсы жасалған лаңкестік әрекеттен кейін Анкарадағы лаңкестік әрекеттің факторы мен оның артында кімнің тұрғанын анықтау қажеттігін қуаттады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Путин Теһран, Мәскеу және Анкараның Сирияның жағдайын жақсарту бағытындағы талпыныстарын жалғастыру қажеттігін қуаттап: «Түркиядағы Ресей елшісінің өлтірілуі түрткі әрекет әрі екі елдің арасындағы қарым-қатынастарға нұқсан келтіру мақсатында іске асырылды»,- деді.

Ресей Президенті дүйсенбі күні кешке  Федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы, Сыртқы барлау қызметінің басшысы және Сыртқы істер министрімен Кремльдегі кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карлов бұл елдің үкіметімен жақсы қарым-қатынас орнатып, Түркияда ерекше құрметке ие болды»,- деп мәлімдеді.

2013-ші жылдан бері Түркиядағы Ресейдің Төтенше және өкілетті елшісі болған Андрей Карлов дүйсенбі күні кешке Анкарада өтіп жатқан өнер көрмесінде қарулы адамның оғынан қаза болды.