Зариф Түркиядағы Ресейдің елшісін қастандықпен өлтіруді айыптады
Иран ислам республикасының Сыртқы істер министрі Түркиядағы Ресей елшісінің қастандықпен өлтірілуін айыптады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иран ислам республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бүгін сейсенбі күні Мәскеу әуежайында тілшілерге берген сұхбатында: «Иран Түркиядағы Ресей елшісін қастандықпен өлтіруді қатаң түрде айыптайды. Осы оқиға лаңкестіктің сорақы бейнесін көрсетті» деді.
Бүгін сейсенбі күні Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы сардар Хосейн Деһқанмен бірге өзінің ресейлік және түрік әріптестерімен келіссөз өткізу үшін Мәскеуге келген Мұхаммад Джавад Зариф сапардың мақсаттары туралы: «Екі және үшжақты кездесулерде аймақтық тақырыптар, Сирия өзгерістері мен лаңкестік құбылысына қарсы көбірек әріптестік жасау қажеттілігі шынайы түрде қарастырылады.
Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу үшін талпыныс жасау да күн тәртібінде тұрған мәселе. Сонымен қатар екіжақты мәселелер мен түрлі салаларда ынтымақтастық жасау тақырыбы талқыға салынып, қарастырылатын болады» деді.