Анкарадағы Ресей елшісінің өлімі туралы Лавровтың мәлімдемесі
(last modified Tue, 20 Dec 2016 15:35:58 GMT )
Жел 20, 2016 21:35 Asia/Almaty
  • Анкарадағы Ресей елшісінің өлімі туралы Лавровтың мәлімдемесі

Ресей Сыртқы істер министрі осы елдің Түркиядағы елшісінің өлтірілуін Сирияға қарсы лаңкестікпен күреске нұқсан келтіру деп сипаттады.

ИРНА- ның хабарлауынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сейсенбі күні Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карловтың қастандықпен өлтірілуіне тоқталып: «Осы қылмыстың себепкерлері өз мақсаттарына қол жеткізе алмайды» деді.

Лавров сондай- ақ Мәскеу мен Анкараның байланысы мен екіжақты ынтымақтастықтардың жақсару үдерісіне соққы беруді Түркиядағы Ресей елшісін қастандықпен өлтірудің келесі мақсаттары деп атады.

Ресей Сыртқы істер министрі Ресей мен Түркия президенттерінің телефон арқылы сөйлескенін, Анкарадағы Ресей елшісінің өлімі туралы бірлесіп тергеу жүргізу үшін келіскендерін хабарлады.