Астана мен Бішкек Анкарадағы Ресей елшісінің қастандықпен өлтірілуін айыптады
(last modified Wed, 21 Dec 2016 02:47:19 GMT )
Жел 21, 2016 08:47 Asia/Almaty
  • Астана мен Бішкек Анкарадағы Ресей елшісінің қастандықпен өлтірілуін айыптады

Қазақстан республикасының СІМ мен Қырғызстан президенті мәлімдемелер жариялап, Анкарадағы Ресей елшісі Андрей Карловтың қастандықпен өлтірілуін айыптап, осындай лаңкестік шаралардың мақсатын адамдардың арасында үрей-қорқыныш және аймақ елдерінің байланысында алауыздық тудыруды көздеу деп атады.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан республикасы СІМ- нің жолдауында: «Тәуелсіз бір елдің өкіліне қарсы осы лаңкестік шараның мақсаты үрей-қорқыныш және аймақ елдерінің байланысында алауыздық тудыру болып табылады» деп жазылған.

Қазақстан үкіметі осы мәлімдеменің жалғасында Ресей үкіметі мен елшінің отбасы мен туыстарының қайғысына көңіл айтып: «Біз Түркиядағы заңды орындаушы органдар еш нәрсемен ақтауға болмайтын осы қастандық әрекетті нақты тергеп, оны ұйымдастырушыларды қатаң жазалайды деп үміттенеміз» деп мәлімдеді.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың жолдауында: «Қырғызстан республикасы осы лаңкестік шараны қатаң айыптап, осы қылмыс туралы тезірек тергеу амалдары жүргізіліп, барлық ұйымдастырушыларды жазалау керек деген санайды» деп қуаттады.