Руханидің Астана сапарында Иран мен Қазақстанның экономикалық және саяси ынтымақтастығын кеңейту қуатталады
(last modified Wed, 21 Dec 2016 15:39:25 GMT )
Жел 21, 2016 21:39 Asia/Almaty
  • Руханидің Астана сапарында Иран мен Қазақстанның экономикалық және саяси ынтымақтастығын кеңейту қуатталады

Иран мен Қазақстанның саяси, қауіпсіздік, экономикалық салалардағы және екіжақты, көп жақты, сонымен қатар халықаралық деңгейлердегі ынтымақтастықтары кеңейеді.

Қазақстандағы Иран елшісі Моджтаба Демирчилу сәрсенбі күні ИРНА-ға берген сұхбатында ИИР президенті Хасан Руханидің Қазақстанға жасайтын сапары және осы елдің лауазым иелерімен кездесетіндігіне сілтеме жасап: «Қазақстанның 2017 жылдың басынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше ретіндегі статусына байланысты Қазақстан аймақтық және халықаралық мәселелерде, соның ішінде ислам әлемі мен Таяу Шығыс өзгерістері жөнінде Иранмен кеңесуге мүдделік танытады.

Иран мен Қазақстанның байланысы екіжақты, аймақтық және халықаралық деңгейлерде оң бағытта өсу үстінде. Иран мен Қазақстанның жоғары деңгейлі басшыларының  екіжақты сапарлары екі елдің барлық салаларда ынтымақтастықтарды кеңейтуге талпыныс жасап жатқанын көрсетеді» деді.