Зариф: Иран, Ресей және Түркия Сирияның жер тұтастығын сақтауды қуаттады
Иран Сыртқы істер министрі Иран, Түркия және Ресейдің Мәскеудегі үш жақты отырысында Сирия дағдарысын доғару үшін саяси сұхбаттасулардың қуатталғанын мәлімдеді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Иран президентінің Арменияға сапарынан бұрын тілшілерге берген сұхбатта: «Бұдан бұрын Иран, Ресей және Түркия арасында Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу, ымыра орнату және осы елдің түрлі аймақтарына көмек жеткізу жөнінде келіссөздер өткен болатын.Мәскеудегі сейсенбі күнгі отырыста Иран, Ресей және Түркия мәлімдеме жариялап, Сирияның егемендігі мен жер тұтастығын, ұлттық заңдылығын құрметтеу мен бөлінудің алдын алуды қуаттады. Сирия мәселелерін саяси жолмен шешу және осы елдің барлық аймақтарына гуманитарлық көмек жеткізу осы үш елдің ортақ мәлімдемесінің келесі тақырыптары болды» деді.