Йемендегі соғыс АҚШ- тың қалауы және атсалысуымен жалғасып жатыр
Йеменнің Ансаролла қозғалысы жетекшілерінің бірі Йемендегі соғыстың жалғасуы АҚШ- тың қалауы және атсалысуымен іске асып отыр деді.
Йеменнің Ансаролла қозғалысы жетекшілерінің бірі Әли әл-Қахум АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Йемен дағдарысы туралы жуықтағы мәлімдемесін АҚШ-тың шапқыншы Сауд Арабиясымен сыбайлас екендігін көрсетеді деп атап: «Саудия коалициясының америкалық жабдықтармен шапқыншылық шабуылдарының жалғасуы Йемендегі дағдарыстың Америка тарапынан басқарылып отырғанын дәлелдейді» деді.
Әл- Қахум Керридің Йеменге шапқыншылықта Сауд Арабиясын қолдап отырғанын мойындауын осы елдегі дағдарыста жаңа кезеңнің басталғанын аңғартады деп: «Вашингтон осы соғысты басқарып отырған кезде БҰҰ Йеменде бейбітшілік орнатуға дәрменсіз» деді.
Ансаролланың мүшесі кез- келген жанпидалық үшін дайын тұрған Йемен халқының осы елдегі дағдарыстың жалғасуы нәтижесінде кез- келген босаңсуын қабылдауға келмейді деп атап: «Йемен халқы абырой мен бостандықта өмір сүру үшін ауыр құн төледі.
АҚШ- тың Йемен халқына қарсы әрекеттері сырт көзге саяси үдеріс арқылы осы елге үстемдік ету мақсатында жасалып отыр» деді.
Джон Керри осы аптаның бас кезінде Эр- Риядта саудиялық әріптесі Адел әл-Жубейрмен кездесуінде АҚШ- тың Сауд Арабиясына Йеменге шабуылында қолдау көрсететінін хабарлап, Ансаролл» қозғалысын Йеменнің ұлттық бірлігі үшін үлкен қауіп деп атаған болатын.