Теһран- Астананың игі байланыстары жалғасуы керек
https://itolqyn.com/news/world-i21193
ИИР президенті Теһран мен Астананың байланыстарын кеңейту және ынтымақтастықтарын күшейту шеңберінде қолда бар мүмкіндіктер мен мұрсаттардың барлығын пайдалану керектігін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 22, 2016 23:10 Asia/Almaty
  • Теһран- Астананың игі байланыстары жалғасуы керек

ИИР президенті Теһран мен Астананың байланыстарын кеңейту және ынтымақтастықтарын күшейту шеңберінде қолда бар мүмкіндіктер мен мұрсаттардың барлығын пайдалану керектігін қуаттады.

ИИР президенті Хасан Рухани бейсенбі күні Астанада Иран мен Қазақстанның жоғары мәртебелі делегацияларының бірлескен отырысында: «Екі елдің бұрынғы ортақ комиссиясының Теһранда өткізілуі екіжақты байланыстарды кеңейту мен күшейту бағытында оң қадамдар жасады. Осы бағыт сауда- саттық байланыстары, банкаралық ынтымақтастықтар және виза саласындағы жеңілдіктермен жалғасуы керек» деді.

Рухани Иран мен Қазақстанның транзиттік ынтымақтастықтарын, әсіресе Қазақстан темір жолының Инче-Бурун арқылы Иранға қосылуын екі елдің байланысын кеңейту мен аймақтық қарым- қатынастар үшін маңызға ие деп бағалады.

Иран президенті сондай- ақ Иранның "алтылық" елдерімен ядролық келіссөздері барысындағы Қазақстанның атқарған оң рөліне алғыс айтып: «Қазақстан мен Иран әрдайым дос және халықаралық ұйымдарда бір-біріне демеуші  болды. Екі елдің аймақтық және халықаралық ынтымақтастықтарын кеңейту үшін талпыныс жасау керек» деді.

Қазақстан республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та осы отырыста Иранды ислам әлеміндегі Қазақстан үшін ең маңызды ел деп атап: «Иранның аймақтағы, соның ішінде Каспий өңіріндегі шаралары мен саясаты ықпалға ие» деді.