Иран мен Қырғызстан арасында 5 ынтымақтастық құжатына қол қойылды
ИИР Президенті Хасан Рухани мен Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев жұма күні Бішкекте президент сарайында кездесіп, екіжақты қарым-қатынасты кеңейту, аймақтық және халықаралық әртүрлі мәселелер туралы сұхбаттасты.
Иран мен Қырғызстан басшыларының екіжақты келіссөздерінен кейін Хасан Рухани мен Алмазбек Атамбаевтың қатысуымен екі ел арасында 5 ынтымақтастық меморандумы мен келісіміне қол қойылды.
Коммуникация және ақпараттық технологиялар, есірткі заттарды өндіру, контрабанда және есірткі заттарды тұтынумен күресу, мәдени және өнер салалары бойынша алмасулар, ақпарат тарату және туризм, денсаулық сақтау және медицина, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру салалары бойынша ынтымақтастық жасау осы 5 құжаттың негізі болды. Екі елдің жауапты тұлғалары бұл құжаттарға екіжақты байланыс пен әріптестікті дамыту және нығайту мақсатында қол қойды.
Сонымен қатар осы сапар барысында Иран мен Қырғызстанның 2016-2026 жылдарға арналған ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасы мен екі елдің ортақ мәлімдемесі жарияланды.
Иран Президенті өзінің жуырдағы кезекті сапарында бейсенбі күні кешке Бішкекке келді. Ол кісіні әуежайда Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев ресми қарсы алды.