Руханидің Орталық Азия мен Кавказ аймағына сапары аяқталды
Рухани Орталық Азия және Кавказ аймағына сапарының соңында Қырғызстанда осы елдің президенті мен басқа да қайраткерлерімен кездесіп, сұхбаттасты. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бішкекте Иран президенті Хасан Руханиді ресми түрде қарсы алып, екіжақты келіссөздер өткеннен кейін екі ел бес ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Хасан Рухани осы құжаттарға қол қойғаннан кейін ақпарат отырысында: "Теһран мен Бішкек саяси және экономикалық салаларда маңызды келісімдерге қол жеткізді. Екі елдің қарым-қатынастарында жаңа кезең басталды" деді.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев та ақпарат отырысында Иранның Шанхай Ынтымақтастық ұйымындағы мүшелігін қолдап: "Иранның құзыры Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлемдік орнын жоғарылатады" деді.
Рухани сонымен қатар Иран мен Қырғызстанның жоғары деңгейлі делегацияларының отырысында аймақтық елдермен, соның ішінде, Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастарды кеңейтудің Иран үшін маңызды екенін айтып, екі елдің жан-жақты байланыстары мен ынтымақтастықтарын нығайту және кеңейтуге арналған он жылдық бағдарлама туралы хабарлады.
Руханидің Қырғызстан премьер-министрімен кездесуі онығ осы елге жасаған сапары бағдарламасының бір бөлігі болды. Иран президенті Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесуінде екі ел қайраткерлерінің байланыстар деңгейін көтеру және мүмкіндіктерді барынша пайдалануға талпыныс жасауы қажеттігін қуаттады.
Осы аяда Иран мен Қырғызстанның алдағы он жылға арналған ынтымақтастықтарының жол картасы жарияланып, екі ел мәлімдемесінде Теһран мен Бішкектің барлық салалардағы ынтымақтастықтарды кеңейту шеңберіндегі өзара әрекеттестігін қуаттады.
Иран президенті Қырғызстаннан бұрын Армения мен Қазақстанға сапармен барған болатын.