Ресейдің 91 жолаушысы бар әскери ұшағы құлады
Іс-түссіз жоғалып кеткен Ресей ұшағы қалдықтарының Сочидегі Қара теңіз жағалауынан табылғаны хабарланды.
Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша, Мәскеудегі ТАСС ақпарат агенттігі Ресей Қорғаныс министрлігіне қарасты ұшақ қалдықтарының Сочиден бір жарым шақырым қашықтықтағы Қара теңіз жағалауларынан елу-жетпіс метр тереңдіктен табылғанын хабарлаған.
Сонымен қатар, бұл ұшақтың басқа да қалдықтарының Қара теңіз жағалауынан алты шақырым қашықтықтан табылғаны хабарланды.
Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары РФ Қорғаныс министрлігінің Сирияның Латакия қаласына бағытталған жолаушы тасымалдаушы «Туполев-154» ұшағы тоқсан бір жолаушысымен Сочиден ұшқан сәттен бірнеше минуттан кейін іс-түссіз жоғалып кеткенін хабарлағанын айтты.
Аталмыш ұшақ жолаушыларының сексен үші әскерилер болған, ал қалған сегіз адам – ұшақ экипажы.
AlMayadeen ақпарат агенттігінің Ресейдің ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, жоғалып кеткен ұшақ Александров атындағы ән-би ансамблін Сирияға алып бара жатқан болатын.
Ресей ақпарт көздері Ту-154 ұшағының ескі болғанын және оның Ресейдің оңтүстігіндегі Краснодар аймағына жақын жерде құлау ықтималы туралы болжам жасаған болатын.
Ресейлік ақпарат көздері ұшақтың құлау себебін техникалық ақаулар немесе ұшқыштың қателігі деп атауда.