АҚШ Ресейге қарсы санкциялардың мерзімін ұзартты
АҚШ Президенті Барак Обама Ресейдің Украина істеріне араласушылығына қатысты салған санкцияларының мерзімін тағы бір жылға ұзартты.
Ресейдің Украинадағы әрекеттері АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қарсы бұрын-соңды болмаған әрі қалыптан тыс қауіп-қатер төндіруде деп уәж айтылған Ақ үйдің мәлімдемесінде Ресейге қарсы санкциялардың тағы бір жылға ұзартылғаны туралы хабар жарияланды. АҚШ Президенті Ресейдің жоғары дәрежелі қайраткерлері мен осы елдің басқа да жеке және заңды тұлғалары мен Ресей үкіметімен байланысты компанияларға санкция салып, олардың АҚШ-қа сапар шегуіне және инвестиция салуына шектеу қойды. АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары 2014 жылы наурыз айында Қырым Ресейге қосылғаннан бері жүзеге асырылуда.
АҚШ-тың санкцияларымен қоса, Еуропа одағы да Ресейге қарсы жеке-жеке санкциялар салып, оларды 2016 жылдың маусым айына дейін ұзартты. Еуропа одағына мүше кейбір елдер бұл санкциялардың жойылуын талап етті. Бұл мәселе жайында 2016 жылдың маусым айында шешім қабылданатын болды. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі бейсенбі күні бір мәлімдемеде Ресейге қарсы санкциялардың ұзартылуын сынға алып, Вашингтонның өзінің санкция салу саясаттарының пайдасыз екенін және Ресеймен тайталасу саясатының қатерін қабылдайтын уақыты жеткенін мәлімдеді. Ресей сонымен қатар АҚШ-тың осы әрекеттеріне өзінің мүдделеріне сәйкес жауап беру құқығына тоқталып өтті.
АҚШ-тың Ресейге қарсы санкция салу әрекеті Батыстың өткен екі жылда Мәскеуді Украина мәселесі бойынша тізе бүктіруге бағытталған қысымдарын жалғастыруды көздеп отырғанын көрсетеді. Батыстықтар кез келген тәсілмен Ресеймен қарсыласуға тырысуда. Сол себепті осы елді неғұрлым көбірек әлсірету үшін санкциялар құралын да пайдаланып отыр. АҚШ, Еуропа одағы мен Жапония, Канада және Аустралия сияқты Батыстың кейбір одақтастары тарапынан Ресейге ауқымды түрде санкциялар салуда ресми түрде келтірілген сылтауы Украина дағдарысы мен Мәскеудің Украинаның шығысындағы Донбасс аймағындағы қарсыластарды қолдауға қатысты ұстанымдары болып табылады.
Ал Мәскеу Батыстың қысымдарының алдында тізе бүкпей, керісінше, өзінің Украинаға қатысты ұстанымын қуаттап, Еуропа одағы мен Батыстың қарамағындағы кейбір елдерге қарсы санкция салып отыр. Дегенмен, осы арада АҚШ осы үдерістің жалғасуында басты рөл атқарып отыр. Жалпы алғанда АҚШ Батыстың жетекшісі ретінде Ресейге қарсы түрлі тұрғылардан өшпенділік саясатын ұстанып, өзінің еуропалық және одан тыс одақтастарымен бірге Мәскеуге қарсы түрлі шектеулер қою үшін жан-жақты әрекеттер жасап жатыр. Бұл әрекеттер саяси, дипломатиялық, экономикалық, сауда, қауіпсіздік және әскери салаларды қамтыды.
АҚШ-тың экономикалық тұрғыдан шектеу қоюдағы мақсаты түрлі санкциялар салу және Ресейдің экономикасын толассыз түрде құлдырату арқылы Кремльді Батыстың Украина дағдарысын шешудегі шарттарын қолдауға мәжбүрлеумен қатар, Мәскеуді Сирия сияқты басқа мәселелерден алыстату болып табылады.
Қалай болғанда да Мәскеу Батыстың санкциялары мен қысымдарының алдында мойысұнбай, Украина және Сирия дағдарыстары сияқты мәселелер бойынша өзінің ұстанымдарын қуаттап келеді. Осылайша, Вашингтон өзінің қазіргі саясатынан, яғни, Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуден басқа жол жоқ деген нәтижеге жеткен тәрізді. Осындай жағдайда мұндай қатынас тек екі елдің текетіресі мен өшпенділігінің артуына себеп болып, Ресейді Батысқа, соның ішінде, АҚШ-қа қатысты өзінің жалпы қатынасын өзгертуге итермеледі.