Иран Ауғанстанның Фарах облысындағы "Миль-78" күре жолының құрылысын бастады
(last modified Mon, 26 Dec 2016 08:05:31 GMT )
Жел 26, 2016 14:05 Asia/Almaty
  • Иран Ауғанстанның Фарах облысындағы

Ауғанстанның батысындағы Фарах облысының әкімі ирандық "Фаразаб Бирдженд" компаниясының "Миль-78" күре жолының құрлысын бастағанын мәлімдеді.

ИРНА-ның хабарлауынша, Фарат облысының әкімі Мұхаммад Асиф Нанг жексенбі күні Иранның шығысындағы Оңтүстік Хорасан облысының өкілі Ибрахим Аббасзадемен өткізген ақпарат отырысында: ""Миль-78" күре жолы ауғандық кәсіпкерлердің өз тауарларын тасымалдауы үшін көп көмек болады. "Миль-78" күре жолының ұзындығы 120 шақырымды құрайды. Оның 60 шақырымын Иран салған болатын. Келесі 30 шақырым жолдың құрылысы басталды" деді.

Мұхаммажд Асиф Нанг Фарат облысының транзиттік күре жолының Ауғанстанды Оңтүстік Хорасанға қосатынын қуаттап: "Ауғанстан үкіметі осы жолдың қалған 30 шақырымын салу жұмыстарын өз мойнына алады" деді.

Оңтүстік Хорасан облысының өкілі Ибрахим Аббасзаде осы отырыста "Миль-78" жолы мен ирандық инженерлердің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты. Фарат әкімі осы салада бар күшін салатындығына уәде берді.